
Егер сізге автокөліктің техникалық паспортын ауыстыру қажет болса, енді оны небәрі бір сағаттың ішінде Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Жаңа сервисті Ішкі істер министрлігі, Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-өндірістік орталығы және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Kaspi.kz командасымен бірлесіп әзірлеген.
– Автокөлік иелеріне арналған қызметтеріміз туралы көптеген жағымды пікірлер алып жатырмыз. Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен автокөлікті қайта тіркеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, көлікті кепілге қоюға немесе кепілден шығаруға болады. Енді смартфон экраны арқылы техпаспортты да ауыстыру мүмкіндігі пайда болды. Біз адамдарға күнделікті мәселелерін тез әрі оңай шешуге көмектесетін сервистерді жасауға дайынбыз. Ынтымақтастық үшін мемлекеттік органдарға алғыс айтамыз, – деді жаңа қызметті ұйымдастырушылар.
– Көп сұранысқа ие қызметтерді онлайн форматқа көшіру – мемлекеттік сервистерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етуге бағытталған жүйелі жұмыс. Kaspi.kz қосымшасында техпаспортты ауыстыру қызметінің іске қосылуы – мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы. Қызмет алу уақытын қысқартып, адамдарды ХҚКО-ға артық барудан босатудың нақты мысалы. Біздің міндетіміз, ең көп сұранысқа ие қызметтердің басым бөлігін бірнеше ғана батырманы басу арқылы қолжетімді ету, – деді Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин.
Енді техпаспортты ауыстыру үшін жүргізушілерге арнайы мамандандырылған ХҚКО-ға барудың, өтініш жазып, мемлекеттік бажды кассада төлеудің қажеті жоқ. Жаңа техпаспортты онлайн алу жолдарын толығырақ Kaspi Гид сервисінен білуге болады.
Фота: Kaspi.kz