Сенат депутаты аудан тұрғындарымен кездесті

Қоғам / Жаңалықтар 14-01-2026, 11:30 3 0

Өткен жұмада Парламент Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов Ұлан ауданына жұмыс сапарымен келіп,  жергілікті тұрғындармен кездесті.

Онда ауылдық аумақтарды дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, шағын бизнеске қолдау көрсету және халықтың өтініш-тілектерін талқылады, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша салынған емхана мен жаңадан ашылған «Сыбаға» ет және сүт өнімдері дүкенін аралап, оң бағасын берді.

Кездесудің негізгі бағыты: Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті қолдау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жай-күйін талқылау. 

Аудан жұртшылығымен кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, олардың мәселелері шешімін табу жолдары қаралып, шаруа қожалықтары мен шағын бизнесті қолдау шаралары талқыланып, ауылдық аумақтарды дамыту және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері көтерілді. 

Шәкәрім Бұқтығұтовтың айтуынша, Ұлан ауданының тұрғындары көтерген мәселелер Президент белгілеген міндеттермен үйлесім тауып отыр және жүйелі шешімдерді талап етеді.

Инабат Акетпаева

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив