
Қылмыстық жазаларды орындау жүйесінде пробация қызметінің орны ерекше. Бұл құрылым — бас бостандығынан айырмай, түзелуге мүмкіндік берілген сотталған азаматтармен жұмыс жүргізетін маңызды сала. Осындай жауапты қызметті Өскемен қаласының Сол жағалау ауданында әділет капитаны Камитова Алуа Серікқызы атқарып келеді.
Қызмет жолында өзін жоғары білікті, табанды әрі адам тағдырына бейжай қарамайтын маман ретінде танытқан Алуа Серікқызы үшін әділет жолы — тек жұмыс емес, өмірлік ұстаным.
«Әр адамға мүмкіндік қажет. Бірақ сонымен бірге әркім өз ісіне жауапты болуы тиіс. Біз жаза қолданбаймыз — бағыт береміз, ескертеміз, қажет болса, теріс жолдан қайтаруға тырысамыз», — дейді Камитова Алуа.
Ажар Мұратқызы