Еліміздегі әуежайлар мен вокзалдар референдум туралы ақпарат тарату алаңына айналды

Жаңалықтар / Саясат 23-02-2026, 10:00 3 0

Еліміздің барлық өңірінде жаңа Конституция жобасына қатысты ауқымды ақпараттық науқан жүргізілуде. Жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған ақпараттық баннерлер Қазақстан аумағындағы қоғамдық көліктің негізгі нысандарына орналастырылды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz  тілшісі.   

Ақпараттық материалдар әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, метро станцияларында және ірі қалалар мен облыс орталықтарындағы аялдама кешендерінде орнатылған. Жалпы ел бойынша 60 ірі көлік хабы қамтылған.


Маңызды ақпарат жолаушылар ағыны жоғары, ең көп қатынайтын көлік тораптарында орналастырылып, азаматтардың конституциялық өзгерістердің мәні мен алдағы дауыс беру тәртібі туралы түсіндірме мәліметтерге кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр.


Ақпарат таратуда тұрақты құрылымдармен қатар заманауи цифрлық форматтар да қолданылуда. Олардың қатарында LED-экрандар, лайтбокстар және қоғамдық көліктердегі ішкі мониторлар бар.


Науқанды ұйымдастырушылардың мәліметінше, ақпараттық материалдар еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналастырылған.


Осы жұмыстардың нәтижесінде қазақстандықтар жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер туралы ақпаратты енді тек онлайн ғана емес, ірі көлік хабтарында да ыңғайлы әрі қолжетімді форматта ала алады.


Фото: ашық дереккөз


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив