
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын ережелерді әзірледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Жаңа ережелер құрылыс үдерісін «бір терезе» қағидаты негізінде үйлестіруге арналған портал мен цифрлық жүйелердің жұмыс тәртібін нақтылайды. Бұл бастама саланы заманауи талаптарға сай жаңғыртып, барлық рәсімдерді бір жүйеге біріктіруге бағытталған.
Жоба бұйрық қабылданған жағдайда, «бір терезе» қағидаты аясында өзара іс-қимылды толық электронды форматқа көшіруге құқықтық негіз қаланып, құрылыс саласын кешенді цифрландыруға жол ашылады деп күтілуде.
Құжат 6 наурызға дейін көпшілік талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.
Фото: ашық дереккөз