
Әр жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде бүкіл әлемде Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Бұл күн – сайлау процесінің маңыздылығын еске салып, азаматтардың саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Сайлау – халық пен билік арасындағы маңызды көпір. Демократиялық елдерде әрбір азаматтың дауыс беруі арқылы елдің болашағы айқындалады. Қазақстанда сайлау жүйесі дамып келеді, сайлаулар ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өткізілуге ұмтылуда.
Бұл күн жастардың саяси белсенділігін арттыруға, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуге үлкен мүмкіндік береді. «Менің дауысым – менің таңдауым» ұстанымын ұмытпаған жөн. Себебі, әрбір дауыс – ел дамуына қосылған үлес.
– Дүниежүзілік сайлау күні – тек мереке емес, азаматтық жауапкершілікті еске салатын маңызды күн. Әр азамат өзінің таңдау жасау құқығын қадірлеп, ел болашағына бейжай қарамауы тиіс. Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау процесінің барлық қатысушыларын сайлау жүйесінің демократиялық дамудың негізгі элементі ретіндегі маңыздылығын атап өтуге арналған кәсіби мерекесімен құттықтайды. Сіздердің еңбектеріңіз қоғамның сенімін нығайтуға және сайлау жүйесін жетілдіруге ықпал етсін, – дейді Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айтбала Құмарова.