Интернеттегі экстремистік материалдардан сақ болуға шақырды

Қоғам / Жаңалықтар 26-01-2026, 14:00 2 0

 Еліміз егемендік алғаннан кейін етек-жеңімізді жиғанша төрт құбыламыз ашық-шашық жатты. Дәл осы кезде әртүрлі діни ағым өкілдері жан-жақтан ентелей кірген. Соның салдарынан заңсыз жолмен миссионерлік қызмет атқарғандар қаншама жастардың санасын улап, келді. Бұл мәселе тек «діни қызмет және бірлестіктер туралы» Заң қабылданған соң реттелді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


Діни ағым өкілдері бұл жұмысын соңғы кезде интернет кеңістікте жалғастырып жатқаны анық. Интернет арқылы кеңінен жүргізіліп жатқан діни экстремизмнің алдын алу жүзеге асып жатыр.


Өткен жұмада Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің жоспарына сәйкес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.


 

Кездесуге  Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы Ринат Тоқтамысұлы Назарбеков қатысып, интернет кеңістігіндегі экстремистік материалдарға қатысты құқықтық тәртіп бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,   Интернеттегі экстремистік материалдың белгілерін атап өтті. Атап айтқанда:  мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға шақырады, террористік әрекетті жария түрде ақтайды, нәсілдік және ұлттық жеккөрушілік белгілерін қамтиды, діни ерекшелікті немесе толық еместікті насихаттау.


 

     – Кибер кеңістікте интернет пен әлеуметтік желілердің жылдам дамуымен бірге онлайн экстремизм бүкіл әлем елдерінде таралған мәселеге айналды. Әртүрлі ұйымдар мен топтар түрлі танымал әлеуметтік желілер WhatsApp, Youtube, Instagram, TikTok, Facebook, Twitter арқылы деректі фильмдерді, аудио және бейне-хабарламалар мен үгіт-насихаттарды жиі пайдаланады. Әлеуметтік желілердегі экстремизмді насихаттаудың өзіндік ерекшелігі бар, өйткені жеке ақпарат көбінесе әлеуметтік желілерде көрсетіледі, демек белгілі бір жас тобындағы адамдардың санасына максималды әсер ету үшін экстремистік материалдарды мақсатты түрде тарату мүмкін. Экстремистік мазмұндағы толассыз ақпарат арқылы сауатын ашқан жастардың бұрыс жолға түсіп кетпейтініне кім кепілдік береді. Теріс ағымға тарту әрекетіне тап болған жағдайда, біздің орталықтан білікті көмек сұрауға кеңес береміз, – деді теолог Ринат Тоқтамысұлы.


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив