Экономика - Улан жаңалықтары

Қазақстан «Жер сағаты» акциясына биыл да қосылады
28 наурыз күні Қазақстанда бір сағатқа жарық өшіріліп, климаттың өзгеруі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелеріне назар аударуға бағытталған жаһандық экологиялық бастамаға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.

Қазақстан жыл сайын әлемнің миллиондаған тұрғынын біріктіретін «Жер сағаты» халықаралық акциясына биыл да қатысады. 2026 жылы еліміздің бұл бастамаға қосылғанына он жеті жыл толмақ. Қазақстан алғаш рет 2009 жылы қоғамдық ұйымдар мен еріктілердің қолдауымен акцияға атсалысқан болатын.

Акцияның мәні өзгермейді: белгіленген уақытта тұрғындар, мекемелер мен ұйымдар жарық пен электр құрылғыларын бір сағатқа өз еркімен өшіреді. Биыл елімізде бұл шара 28 наурыз күні сағат 20:30-да өтеді. Осылайша, қатысушылар табиғатты аялау мен энергияны үнемдеу идеясына символикалық қолдау білдіреді.

Дәстүр бойынша акция аясында еліміздің әр қаласында әкімшілік ғимараттар мен танымал нысандардың архитектуралық жарықтандыруы уақытша сөндіріледі. Бұл шара электр энергиясын үнемдеу үшін емес, жаһандық экологиялық қозғалысқа ортақ қолдауды білдіретін белгі ретінде жүзеге асырылады.

Аталған бастама ерікті түрде өтеді және оған қатысу үшін арнайы талаптар қойылмайды. Бар болғаны бір сағатқа жарық пен тұрмыстық техниканы пайдаланудан бас тарту жеткілікті. Көпшілік бұл уақытты отбасы аясында өткізіп, таза ауада серуендеп немесе электронды құрылғылардан демалып, рухани тынығуға мүмкіндік ретінде қабылдайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Жер сағаты – бір реттік акция ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын еске салатын маңызды бастама.

Фото:gov.kz

«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі – 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылады.

– БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге. Ал ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері шектелмейді және ол алушының зейнетақы жинақтарының көлеміне тікелей байланысты, – деп түсіндірді «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:

• мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;

• міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар. Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Осылайша, зейнетақы төлемдерінің мөлшері тұрақты түрде аударылатын зейнетақы жарналары мен жинақталған инвестициялық кіріс есебінен қалыптасатын зейнетақы жинақтарының көлеміне тікелей тәуелді.

БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Жеке зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылатындықтан, олар азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.

Бұл норма Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға төленетін зейнетақы төлемдеріне қолданылмайды.
Бұрын қалай болды?

Бұрын БЖЗҚ-дан берілетін барлық зейнетақы төлемдері, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері де, табыс ретінде қарастырылып, төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС ұсталатын.

Зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынбай тұрып аударылып, жеке табыс салығы төлем жасау кезінде ұсталатын. Бұл ретте түзету сомалары мен салықтық шегерімдер ескерілді.

Тұрғын үй немесе емделу мақсаттарына пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ЖТС ұсталатын. Алушы өз қалауы бойынша салықты төлем алған кезінде бірден немесе зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырып, төлемдер кестесіне сәйкес төлеу тәсілін таңдай алатын.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қалай болды?

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының резиденттері үшін зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды. ЖТС тек Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға берілетін зейнетақы төлемдерінен ғана ұсталады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған ЖТС төлеу міндеттемелері жойылады, алайда бұрын бюджетке төленген салық сомалары қайтарылмайды.

Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табысқа қатысты тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 882 еселенген мөлшері шегінде салықтық шегерім қолдану құқығына ие.

«Бұл санатқа I, II немесе III топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың немесе қорғаншылардың бірі, жетім балаларды асырап алған (қамқорлығына алған) ата-аналардың бірі, әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер және өзге де тұлғалар жатады. Аталған тұлғалардың толық тізбесі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 404-бабында көрсетілген. Егер осы санатқа жататын алушылар біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС-ты бірден төлеген болса, олар БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгініп, жаңа Салық кодексіне сәйкес ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару мәселесін БЗТ алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асыра алады», – делінген Қордың баспасөз қыхметі тараптқан хабарламада.

Тағы қандай өзгерістер бар?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның өз пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімдер жойылады. Бұрын бұл шегерімдер Салық кодексінде белгіленген мөлшерде төлем көзінен салық салынатын табысқа қолданылатын.

Бұл ретте жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға өз қызметкерінің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның (қызметкердің) табысы болып есептелмейді. Тиісінше, оған ЖТС салынбайды. Ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатады.

Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салықтық жеңілдікке ие болады.

ШҚО кәсіпкерлері кадр даярлауды қыс мезгілінде бастауды ұсынды
Шығыс Қазақстанда қысқа мерзімді курстар арқылы кәсіби кадрларды даярлаумен айналысатын кәсіпкерлер оқытуды бастау мерзімдерін қайта қарау жөнінде бастама көтерді.

Олардың айтуынша, қолданыстағы кесте бизнестің қажеттіліктері мен маусымдық жұмыстардың ерекшелігін ескермейді.

Бұл мәселе арнайы комиссияның отырысында облыстық Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Әсет Әділхан тарапынан көтерілді. Ол оқытудың маусым айында басталуы маусымдық жұмыстардың қызған шағымен тұспа-тұс келетінін, ал дәл осы кезеңде жұмыс берушілер дайын мамандарға аса мұқтаж болатынын атап өтті.

– Қазіргі таңда оқыту мамыр-маусым айларында басталып, түлектер еңбек нарығына кадрларға деген ең жоғары сұраныс кезеңі өтіп кеткен кезде шығады. Ал бизнеске дайын жұмысшылар көктемде-ақ қажет. Сондықтан біз оқытуды қаңтар-ақпан айларында бастап, сәуірге қарай жұмыс берушілерді қажетті кадрлармен қамтамасыз етуді ұсынамыз. Бұл әсіресе, ауыл шаруашылығы, туризм және құрылыс салалары үшін өзекті, – деп атап өтті Әсет Әділхан.

Оның айтуынша, бұл бастаманы іске асыру үшін конкурс рәсімдерін өткізу мерзімдерін де қайта қарау қажет.

– Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыруға арналған тендерлерді осы қаңтар айында өткізу керек. Бұл оқытуды уақтылы бастап, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді ол.

Кәсіпкерлердің бұл ұстанымын облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілдері де қолдады. Ведомство өкілдері бизнестің ұсынысы негізді екенін және ол қолданыстағы нормативтік талаптар мен бюджеттік рәсімдерді ескере отырып қарастырылатынын атап өтті.

Аймақтық Кәсіпкерлер палатасында мұндай өзгерістердің басты мақсаты – кадр даярлау жүйесін еңбек нарығының нақты қажеттіліктерімен үйлестіру, маусымдық салалардағы (туризм, ауыл шаруашылығы, құрылыс) жұмыс күші тапшылығын азайту және қысқа мерзімді курстар түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру екені айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша бұл мәселе алдағы шешімдерді әзірлеу және келесі жылғы оқыту кестелерін мүмкіндігінше түзету үшін қарауға қабылданды.