Ауыл шаруашылығы - Улан жаңалықтары

ШҚО-да 36 млн ағаш отырғызылып, Ертіске мыңдаған бекіре жіберіледі
Шығыс Қазақстан облысында ормандарды қорғауды күшейту, балық шаруашылығын дамыту және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Аяулым Қайдарова мәлімдеді.

Маңызды бағыттардың бірі – орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу. Облыста 90 антенналық мұнара орнату жоспарлануда. Бұл орман алқаптарында тұрақты байланысты қамтамасыз етіп, өрт ошақтарын жедел анықтау мен оның алдын алу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

- Орманды қалпына келтіру бағдарламасы аясында өңірде 7 мың гектардан астам аумаққа 36 миллион орман көшеті отырғызу жоспарда бар. Бұл шаралар аумақтың ормандылығын арттырып, жердің тозуын азайтуға және табиғи экожүйелердің тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді, – деді орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы Данияр Қанатбаев.

Сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту жұмыстары да жалғасады. Келесі жылы облыста 3 746 тонна тауарлық балық өсіру жоспарланған. Бұдан бөлек, Бұқтырма су қоймасында жалпы жобалық қуаты 3 200 тоннадан асатын торлы шаруашылықтарды орналастыру үшін бес резервтік учаске бекітіледі. Саланы қолдау мақсатында 189 миллион теңге көлемінде мемлекеттік субсидия бөлініп, шамамен 499 миллион теңге көлемінде жеке инвестициялар тарту жоспарланып отыр. Бұл өндірістік қуаттарды кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды бағыт – сирек кездесетін балық түрлерінің популяциясын қалпына келтіру. Осы мақсатта Қара Ертіс өзеніне 260 мың дана сібір бекіресінің шабақтары жіберіледі. Бұл шараға 260 миллион теңге қарастырылған. Мамандар мұндай жұмыстар өңірдегі құнды су биологиялық ресурстарын сақтап, қалпына келтіруге ықпал ететінін атап өтті.

Фото:ӨКҚ

«Тоғанас» шаруа қожалығына африкалық түйеқұстар әкелінді
Ұлан ауданы, Ұлан ауылындағы «Тоғанас» шаруа қожалығының иелері Есенбек пен Жұмабике енді төрт түлікпен қатар кәдімгі Африка құрлығын мекен ететін түйеқұстарды да өсіріп көруге бел буып отыр, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.

Үш түйеқұстан құралған «отбасы» қыстың қақаған суығына қарамастан аман-есен Ұлан топырағына жеткізілген. Қазір шаруа қожалығының жылы қорасында бір аталық және екі аналық алып құстар жаңа ортаға бейімделуде. Еш уайымдамаса да болғандай.

Ауданға, облысқа аты танымал шаруашылық бұған дейін мал өсіріп, егін шаруашылығымен тұрақты айналып келген болатын. Енді олардың қатарына құс шаруашылығы да қосылып отыр.

Жалпы Ұлан ауданы түйеқұстар үшін таңсық мекен емес. Артқа сәл шегініс жасасақ, бұған дейін ауданның Привольное ауылы аумағындағы «Багратион» шаруа қожалығында да түйеқұстар жерсіндірілген болатын. Ал ұландықтар осыдан 20 жыл бұрын белгілі кәсіпкер азамат Болат Бариев Баяш Өтепов ауылына (Төшкі) алғаш әкеліп, түйеқұс өсіргенін айтады.

Біздің өңір тұрғындары үшін таңсық алып құстар ауданға Қызылорда – Шымкент – Тараз – Өскемен бағыттары бойынша ұзақ жол жүріп келген. Жерлестері ауылдастарының жаңа бастамаларына қолдау көрсетіп, сәттілік тілеуде.

«Ауыл аманаты»: Жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру жалғасуда
Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру жалғасуда. Бұл жоба ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.

«Ауыл аманаты» шеңберінде өнімдерді өндіру және қайта өңдеу, мал және құс шаруашылығын дамыту, туризм саласын өркендету, сондай-ақ өзге де кәсіпкерлік бағыттар қолдауға ие. Бұл ауыл тұрғындары үшін өз кәсібін бастауға немесе бұрыннан бар ісін кеңейтуге нақты жағдай жасайды.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығына жатпайтын бағыттар бойынша шағын несие 5 жылға дейінгі мерзімге, ал ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салалары бойынша 7 жылға дейін беріледі. Несие мөлшері жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, өңдеу саласындағы жобалар мен кооперативтер үшін 8 000 АЕК-ке дейін қарастырылған. Бұған дейін алынған шағын несиесі толық өтеліп, бастапқы қарыз мерзімінің жартысы өткен жағдайда қайта өтінім беруге де мүмкіндік бар.

Шағын несиенің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, негізгі қарызды өтеу бойынша 12 айға дейін жеңілдік кезеңі көзделген. Несие кепілдікпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бағдарлама аясында ұсынылатын жобалар жаңа жұмыс орындарын құруды және ауылдық округтерді дамытудың басым бағыттарына сай болуын міндетті түрде ескеруі қажет. «Ауыл аманаты» бағдарламасы - өңір тұрғындарына өз кәсібін дамытуға, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және ауыл экономикасын нығайтуға бағытталған тиімді қолдау тетігі.

Айта кетейік, биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасын жалғастыруға 100 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Қаражаттың шамамен 60 млрд теңгесі 600-ге жуық кооперативті қолдауға бағытталмақ.

Фото: ашық дереккөз

Алыстағы жайылымдарды дамытуға жеңілдетілген несие беріледі
Биыл елімізде шалғай жайылымдардағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 200 мамандандырылған шаруашылық құрылады, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, 19 қаңтарда Үкімет мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының жобасын мақұлдады. Құжатта саланы жүйелі жаңғыртуға, өндіріс көлемін арттыруға және ауыл тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған нақты шаралар көзделген.

Қазіргі таңда мал шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. Соңғы деректерге сәйкес, ірі қара мал саны 8,167 млн басқа, ұсақ қара мал саны 20,551 млн басқа жеткен. Сүт өндірісі 5%-ға өсіп, 3,8 млн тоннаны құраса, ет өндірісі 2,6%-ға артып, 1,2 млн тоннаға жетті.

Кешенді жоспар аясында жеңілдетілген несиелеу тетіктері енгізіледі. Атап айтқанда, жоғары өнімді мал басын сатып алуға жылдық 6% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді кредит беру, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру үшін 5% мөлшерлемемен қаржыландыру қарастырылған. Бұл мақсатқа 104 млрд теңге бағытталады.

– Шалғай жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жайылым инфрақұрылымын дамытуға арналған бірыңғай кредиттік өнім іске қосылады. Ол жайылымдарды суландыруды, мобильді қоныстарды сатып алуды қамтиды. Нәтижесінде шалғай аймақтарда мал шаруашылығын дамытуға жаңа серпін беріледі, – вице-министр.

Сонымен қатар жасанды ұрықтандыруды қолдау, эмбриондық көбею зертханасын құру, кадр даярлау жүйесін жетілдіру және ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту шаралары қарастырылған. Экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында бірқатар елдермен ветеринариялық сертификаттар келісіліп, өнім номенклатурасын кеңейту жоспарланып отыр.

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде ірі қара мал саны 12 млн басқа, ұсақ қара мал саны 28 млн басқа дейін өседі деп күтілуде. Ет өндірісі 1,8 млн тоннаға жетіп, экспорт көлемі екі есеге ұлғаяды.

Фото: ашық дереккөз

Ауылдағы мал дәрігерлерінің жалақысы артады
Алдағы уақытта ауылдағы ветеринардың жалақысы 400 мың теңгеден асады. Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты.

Оның айтуынша, Республикалық бюджет комиссиясы ветеринария мамандарының жалақысын көтеру үшін 22 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды қолдаған.

– Биыл ветеринарияға қатысты заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуіміз керек. Онда тиісті өзгерістер қамтылады. Жалпы, Республикалық бюджеттен 22 млрд теңгеге қолдау алдық. Сондықтан 2027 жылдан бастап төлем болады деп жоспарлап отырмыз, – деді А.Бердалин Сенаттағы ветеринариялық қызмет тақырыбын талқылауға арналған Үкімет сағатынан соң тілшілер сұрағына жауап беріп.

Соған орай ол 2027 жылдың қаңтарынан ауылдағы ветеринария мамандары 400 мың теңгеден астам жалақы алатынын растады.
Қоса кетейік, бұған дейін вице-министр «ветеринария» мамандығында оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын көтеру жайын да айтқан болатын.

– Қазіргі уақытта елімізде «Ветеринария» бағыты бойынша кадрлар даярлауды 11 жоғары оқу орны жүзеге асырады, оның ішінде үшеуі Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде. Олар 2025 жылға бөлінген 1001 (77,5%) грантты алды. Бұл ретте, өту балы жалпы конкурста – 62 балды, ауылдық квотада 56 балды құрады, – деген болатын Аманғали Бердалин сол жолы Сенатта.

Еске салсақ, өткен күзден бастап педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің айлық стипендиясы 84 мың теңге болды.

Ветеринария саласында - 45 жыл
Ердің атын еңбек шығарады. Ұлан өңірінен елі үшін қызмет еткен, еңбектің арқасында абырой биігіне көтерілген талай еңбектің ерлері шыққан. Ғасырға аяқ басқан Ұлан ауданының дамуына, өркендеуіне, үлес қосу арқылы абырой тұғырына көтерілген еңбек ардагері, саналы ғұмырын ветеринария саласына арнап келе жатқан жерлесіміз Амангелді Мұқаметқалиұлы Қасенов 70 жастың асқарына шығып отыр.

Амангелді Мұқаметқалиұлы 1956 жылғы 15 қаңтарда Ұлан ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Тарғын ауылындағы Ізғұтты Айтықов атындағы орта мектепті бітірген. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, Шығыс Қазақстан облысы совхоз техникумында ветеринария мамандығы бойынша білім алды.

Ұлан ауданы Никитинка совхозында техник-осеменатор болып еңбек етіп, мал шаруашылығының бірінші санатты шебері атағы берілді.

Өз ісіне адал маман ветеринарлық дәрігер – лицензиат, Бозанбай ветеринариялық пунктінде меңгеруші қызметін атқарды. 2019 жылы еңбегінің зейнетін көріп, зейнеткерлікке шықса да, қызметін жалғастырып, абыройлы еңбек етуде.

Кіндік қаны тамған бақытты балалық шағының балбесігіне айналған туған жерінде табан аудармай 45 жыл бойы еселі еңбек етіп, әріптестеріне үлгі көрсетіп, жас мамандарды тәрбиелеуде. Қай қызмет жүктелсе де, қабілет-қарымын жоғары деңгейде танытып, сол саланы жетістікке жетелеп кететін жігерлі жұмыстары көптің көзіне түсті. Мал басын сақтау, төл алу жоспарын орындау, мал арасындағы түрлі жұқпалы індеттердің алдын алу сияқты өрісті, игілікті істер жанданды. Осындай еңбектерінің нәтижесімен танылған маманды III дәрежелі «Еңбек Даңқы» төс белгісімен, «Ветеринарияның Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапаттады. Басшылар тарапынан алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары бір төбе.

Өз саласының білгір маманы ретінде облыс көлемінде мал арасында кездесетін жұқпалы аурулардан сауықтыру бағытында малдәрігерлік ұжымдармен бірлесіп, аянбай еңбек етіп, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қандай лауазымда болса да қарапайымдылығынан айнымай, барлық ынтасымен өз міндетін қалай да жақсы орындауды ғана ойлады. Кәсібіне адал берілген ол бәз біреулер секілді күйбің тірліктің күйкі мәселелерінен биік тұрып, бойын аулақ ұстады.

Адал еңбекпен табысқа жеткен асқар тау әке еңбектің зейнетін көріп, жұбайы Дариға апай екеуі бес бала тәрбиелеп өсірді. Жүректері мейірімге толы ерлі-зайыптылар бес баланың ішінде Оксана, Светлана, Денисті бауырына басып, қорғаншылыққа алған. Бүгінде айрандай ұйып, отырған қос бәйтерек сегіз немере, бір шөбере сүйіп, қызығына бөленіп отырған бақытты отбасы. Балаларының жоғары білімдері бар. Мамандықтарына сай әр салада қызмет етіп келеді. Мерейлі жасыңыз құтты болсын!

Эльмира СОВЕТҚЫЗЫ